#HookTok
Home
Profiles
About
@sanzhar_sultangazyyy_1
Санжар Кәкімұлы Сұлтанғазы
Instagram.com
❄️❄️❄️❄️ Жүрегім өзгелердің жат мекені, Белгісіз ащы не тәтті екені. Бір сұлуға мен ғашық бола қалсам, Бір бай жігіт оны алдан ап кетеді. Басқамен кетсе сүйген, оңама адам, Үрпиіп бір терекке қона қалам. Қанша жерден өнерлі болсам дағы, Қыз келгенде өнерсіз бола қалам. Кедей болған соң ба екен, шеттейді кеп, Тағдыр өзі бәрін де реттей кеп. Кей-кездері іштей бір ойлап қоям, Мен бай болсам сұлулар кетпейді деп. Тағдырыма нала да етем кейде, Армандарым сонда не, өтелмей ме? Жағдайыма қарамай өзім шіркін, Биік қызды армандап кетем кейде. Шындықты айту парыз, нанбаса да, Алдаса да мейлі олар, арбаса да Өліп-талып сүйгенің бекер босқа, Сұлу қыздар сүймесе бар ма шара? Жаным білсең нәзіктік мақпалындай, Таза жүрек жандар кеп жатқан ұдай. Мүмкін түрім жамандау, көлігім жоқ, Ал жүрегім ақпанның ақ қарындай. Осы өлеңді оқып ем топ қарады, Қыздар тағы бұрылып көп қарады. Барлығына қыздар да кінәлі емес, Көп кінәлау біздерден боп барады! Бұл өмір ғой! Жетеді тосын жайлар, Кінәлама! Кездескен осындайлар. Жалғыз өзім көжемді ішем барып, Ішсін тойып асықпай, асын байлар! ©️ С.Санжар
#поэзияменіңжүрегімде
#поэзия
#астана
#алматы
🍎
#махаббат
#жүректегіои
̆лар
#жантыныштығы
#талдыкорган
#өміржолы
#жүрөксыры
#шымкент
#ақындар
#ақындар
#жазушылародағы2019
#сағындымсені
#қазақстан
© All right reserved, Hash HookTok Ltd 2024
Browse Instagram anonymously and without authorization