🪶 Бірде бір адам басқа ауылда тұратын бауырының қалын білуге жолға шығыпты. Сонда Алла Тағала періштеге ол жүретін жолда оны күтуді бұйырыпты. Әлгі адам жақындаған кезде періште:
«Қайда жол тарттың?»-деп сұрайды.
Әлгі адам: «Келесі ауылда тұратын бауырыма бара жатырмын»-дейді.
Періште: «Мүмкін сен оған қандай да бір жақсылық жасаған шығарсың. Енді соның қарымын алуға бара жатқан шығарсың?»-дейді.
Әлгі адам: «Жоқ, мен оны Алла разылығы үшін жақсы көремін»-дейді.
Сонда періште: «Мені саған Алла жіберді. Сенің бауырыңды Алла разылығы үшін жақсы көргеніңдей Алла Тағала да сені жақсы көретінін айту үшін келдім»-деген екен.
@neke_islam ✔️
#махаббат#сүйіктім #неке#ислам#еркек#әйел #күйеу #салихалыжар#отбасы#бала#қыз#әке#анашым#мұсылман#құран#сүннет#сезім#жүрек